Маусым - жазғы демалыстың қызатын уақыты. Бұл кезеңде бос уақытын қызықты өткізу үшін табиғат аясында серуендейтіндер көп. Әсіресе, өзен-көл жағалауларындағы адам қарасынан аяқ алып жүре алмайсың. Сол себепті құтқарушылар қала тұрғындары көп шоғырланатын жағажай аумақтарын бақылауға алды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақыруда. Айта кетейік, бүгінде қала аумағында шомылуға арналған 12 жағажай болса, әзірге оның алтауына ғана суға түсуге рұқсат берілген. Ал қалғанына тиісті талаптарды сақтамағаны үшін тыйым салынған.