"Мерейлі отбасы-2026" ұлттық байқауына өтінім қабылдау жүріп жатыр. Айта кетелік, аталған байқау 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Конкурсқа еңбек жолында, спорт, шығармашылық, зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар жанұялар, сондай-ақ, қоғамдық қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Іріктеуден өткен үздік отбасы Республикалық кезеңде Ақтөбе өңірінің намысын қорғайды.