Ойылдың Ақкемер және Кемер ауылдарына көгілдір отын берілді. Аймақта елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүйелі жалғасуда. Облыс әкімі Ойыл ауданына жұмыс сапары барысында қос ауылдағы тарихи сәттің куәсі болып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Газ құбырларын іске қосу рәсімі тұрғындар үшін көптен күткен маңызды сәт.