Аймақ басшысы Ойыл ауылына кіреберіс көпірдің құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны – 3,4 млрд теңге. Бүгінде көпірдің қада қағу жұмыстары толық аяқталып, барлық 8 тірегі тұрғызылған. Сондай-ақ 56 арқалық орнатылып, көлік қозғалысын уақытша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. Асхат Шахаров жобаларды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.