Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының облыстық филиалы мен денсаулық сақтау басқармасы бірігіп, медицина қызметкерлері арасында Шәмші Қалдаяқов шығармашылығына арналған байқау өткізді. Қаладан және бірнеше ауданнан келген ақ халаттылар "Қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші әндерін жарыса шырқады. Айта өтелік, бұл жыл сайынғы дәстүрлі байқау.