Қалада медиа-мамандарға арналған облыстық оқу семинары өтті. Екі күнге созылатын шараны "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырды. Семинарға өңірдегі діни бірлестіктер мен дін орталықтарының медиа-контент бағытында жұмыс істейтін мамандары мен ақпараттық-түсіндіру топтарының өкілдері қатысты. Оқу барысында қатысушылар заманауи медиа құралдарын тиімді пайдалану, сапалы контент әзірлеу және әлеуметтік желілерде ақпарат тарату тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланады.