Үздік шахматшылардың басын бір арнада тоғыстарған “Владимир Дворкович мемориалы - Aktobe Open 2026” халықаралық шахмат фестивалі
мәресіне жетті. 20-дан астам гроссмейстер мен кәсіби спортшылар екі апта бойы сынға түсіп, кіл мықтыдан шын мықтыны анықтады. Енді, міне, жабылу салтанатында үздік ойын өрнегін көрсетіп, оқ бойы озық шыққан ойыншылар жүлделі орындармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталды.