Облыстық өнер музейінде «Шығармашылық вернисаж–2026» көрмесі ашылды. Бұл кәсіби суретшілердің картиналары емес, бірақ олардан бір саты да қалыспайды. Қалалық көркем сурет лицейінің түлектері қала тұрғындарының назарына қолөнер бұйымдарын, майлы бояумен салынған суреттер мен ерекше мүсіндерді ұсынды.