"Көліктегі қауіпсіздік" жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Бір апта бойы жүргізілген рейд барысында теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын бұзудың 90-нан астам дерегі анықталды. Оның ішінде 14 адам малды теміржол бойында жаю ережесін бұзса, 43 азамат белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрғындарға теміржол маңындағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.