Бүгін қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың дүниеге келген күні. Биыл оның туғанына 101 жыл толды. Осы орайда мерген қыздың мәңгі бейнесінің алдында тағзым ету шарасы өтті. Батырдың туыстары, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі мен зиялы қауым өкілдері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды.