Аймақ басшысы Асхат Шахаров Ойыл ауданына жұмыс сапары кезінде ауыл жастарымен жүздесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар бастамаларын қолдау, жас мамандардың өзін-өзі дамытуы және өңірдегі жастар саясатының келешегі талқыланды.