Өңір басшысы кезекті рет азаматтарды қабылдады. Негізінен тұрғындардан түскен әлеуметтік маңызы бар 12 өтініш қаралды. Бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүгінсе, кей өтініштер ұжымдық сипатта болды. Мәселен, ақтөбеліктер көшелерді асфальттау, жарықтандыру, қалада кәріз желілерін салу, тұрғын үй кешендеріне апаратын кіреберіс жолды жөндеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру сұрағы да қаралды. Барлық өтініш бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жеке бақылауына алды.