№16 мектепте генерал-майор Анатолий Дружининді еске алу шарасы өтті. Міндетін мүлтіксіз, қызметін қалтқысыз орындап, абыройлы еңбегімен есте қалған әріптесіне ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті қызметкерлері құрмет көрсетті. Өзі білім алған мектептің қабырғасына арнайы мемориал тақта орнатты. Айтып өтелік, биыл Анатолий Дружининнің туғанына 80 жыл.