Сондай-ақ, жиында теміржол вокзалдарын жаңғырту барысы мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Бүгінде Ақтөбе, Шалқар және Шұбарқұдық вокзалдарындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Ал Қандыағаш, Жем, Алға және Қарауылкелді нысандарында жұмыстарды жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес жеделдету қажеттігі сақталып отыр. Өңір басшысы мердігерлерге қаржы бөлінгенін, жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленіп, келісілгенін, сондықтан жұмыстардың қарқынын төмендетуге ешқандай себеп жоқ екенін сөз етті.