Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы белсенді. Мұнда аға буын өкілдері спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысады. Келушілер үшін түрлі үйірмелер, сауықтыру сабақтары мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Мұндай кездесулер денсаулықты нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануға септігін тигізеді-дейді зейнеткерлер.