"Заң және тәртіп" жобасы аясында жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған танымдық шара өтті. Лагерь тәрбиеленушілері ойын форматында заң талаптары мен қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін толықтырды. Шара барысында балалар арнайы ұйымдастырылған қауіпсіздік квестіне қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде жол қозғалысы ережелері, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл, интернеттегі қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы тәртіп тақырыптары қамтылды. Интерактивті ойын арқылы ұйымдастырушылар жасөспірімдерге заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат берді.