Облыста азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған жастар тәжірибесі сәтті жүзеге асырылуда. Жас мамандар Мансап орталығының қолдауымен түрлі мекемелер, жеке ұйымдар мен қызмет орталықтарына жолдама алады. Бағдарламаға қатысушылар өз саласы бойынша тәжірибе жинап, кәсіби қабілеттерін шыңдайды. Жұмыс барысында жақсы нәтиже көрсеткен мамандар тұрақты қызметке орналасу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда облыс бойынша 400ден астам жоспар бекітіліп, 114 жас маман жұмысқа орналасты.