Облысқа ұзақ мерзімді халықаралық кредиттік рейтинг берілгенін еске саламыз. Бұл жаңалықты өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы зор ықыласпен қабылдады. Бизнес қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, аталған рейтингтің берілуі облыстың экономикалық әлеуетінің жоғары екенін және өңірдің инвесторлар үшін тартымдылығын айқын көрсетеді.