Шомылу маусымы басталғалы су айдындарында демалушылар саны артады. Алайда қауіпсіздік талаптарын елемей, белгіленбеген жерлерге суға түсу деректері жиі кездеседі. Жаз бойы төтенше жағдай қызметкерлері мен құтқарушылар жағажайлар мен су айдындарын жіті бақылап, рейд жұмыстарын жүргізеді. Бұл - оқыс оқиғалардың алдын алу үшін аса маңызды.