Қалада корпоративтік еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған "WorkCamp-2026" облыстық жастар слеті өтті. Ауқымды шара өңірдің белсенді жастарының басын қосты. Негізгі мақсат - кәсіпорындардағы жастар ұйымдары арасында корпоративтік волонтерлікті дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және қоғамдық бастамаларды қолдау. Қатысушылар волонтерлік қызметтің құқықтық негіздері, әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру, демеушілер тарту тетіктері, командалық жұмыс пен тимбилдинг бағытында тәжірибе жинақтады. Слет соңында үздік 10 жас арнайы дипломмен марапатталды.