Сыбайлас жемқорлықпен күрес мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Өйткені адалдық пен әділдік құндылықтары бала санасына ерте жастан сіңгенде ғана жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасады.Бүгін “Алақай” қуыршақ театрында өткен ашық диалог алаңында осы тақырып қаузалды. Білім мен мәдениет саласының мамандары қоғам дертімен күресудің тәсілдерін талқылады.