Кезбе, қабаған иттердің көбеюі , жарықтың сөнуі, судың ақпай қалуы. Ахуалдық орталыққа көбіне осы мәселелер бойынша шағым түседі. Орталық мамандары 24/7 режимімен жұмыс істейді. Кейінгі күндердегі толассыз жауын-шашын әсерінен қоңырау көбейгенімен, бүгінде жағдай әдепкі қалпына келген. Күніне 150-200 өтініш түседі.