Жол-көлік оқиғаларының алдын алуда заманауи технологияларды пайдалану. Бұл тақырып Заң институтында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Мақсат - жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында заманауи технологияларды қолдану тетіктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу және оларды жетілдіру жолдарын айқындау. Жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот және прокуратура өкілдері, заңгерлер, ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысты.