«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 14-ші турында өз алаңында «Астана» командасын қабылдады. Матч 2:0 есебімен ақтөбелік клубтың жеңісімен аяқталды. Алғашқы голды 22-ші минутта португалиялық шабуылшы Нани соқты. Ал 55-ші минутта аргентиналық жартылай қорғаушы Пибе екінші голдың авторы атанды. «Ақтөбе» барлығы 22 ұпай жинап, футболдан ел чемпионатының турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілсе, «Астана» алтыншы орынға төмендеді.