Жексенбіде "Ақтөбе" футбол командасы "Астананы" жеңді. Жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ. Бірақ, осы бір жарқын сәтті көремін деп әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы билет алған кей тұрғындар матчты тамашалай алмады. Себебі алаяқтарға ұрынған. Жалып бүгінде ақылы спорттық шаралар мен концерттер алаяқтардың табыс құралына айналған.