Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты екі томдық кітабының таныстырылымы өтті. Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен кездесуде автор еңбектің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттап, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу екенін айтты. Екі томдық кітапта өмірлік тәжірибе, отбасы тәрбиесі, еңбек жолы мен адамгершілік қағидалары кеңінен қамтылған. Таныстырылым барысында шығарманың жазылу тарихы таныстырылып, оқырмандар автормен еркін пікір алмасты.