Қатты жел мен дауыл әсері қала тұрғындарын да алаңдатпай қоймады. Табиғат тосын мінез танытып, құлаған ағаштардың бірі баспанаға залал келтірсе, енді бірі жол ортасында жүргізушілерге қолайсыздық тудырған. Оқиға салдарына тұрғындар тарапынан шағым айтылып, аталған жағдай бойынша жедел шаралар қабылданды. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда қаланы қалпына келтіру және тазалау шаралары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.