Медицина саласына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті дәрігер құрметіне мемориалдық тақта ілінді. Естелік бұрышы қаладағы екі бірдей емдеу мекемесінде орнатылып, дәрігердің өнегелі өмір жолы мен ел игілігі жолындағы еңбегі ұлықталды. Қалихан Қозбағаров ғұмырын адам жанының арашасы болуға арнаған білікті маман. Ол кәсіби қызметін адал атқарып, науқастардың өмірі үшін аянбай еңбек етті. Қызметі жоғары бағаланып, Қалихан Қозбағаровқа қайтыс болғаннан кейін Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапаттарының бірі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.