Есірткі қылмысының алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес -- қалалық полиция басқармасымен және көркемсурет лицейімен бірлесіп сурет байқауын ұйымдастырды. 10 жас суретші қатысып, өз туындылары арқылы есірткісіз әлем туралы ойларымен бөлісті. Шығармашылық байқаудың қорытындысы 26 маусымда жарияланады.