Отан қорғаушылар күніне арналған ардагерлер арасындағы шағын футбол турнирі өтті. Дүбірлі додаға өңірден бөлек Қостанай мен Орал қалаларынан келген әуесқой футбол командалары қатысып, жасыл алаңда бақ сынады. Екі күнге созылған жарысқа барлығы 6 команда қатысты.