Мамыр айының екінші жексенбісі - аналар күні. Мереке өңірде кең көлемде атап өтілді. Триатлон саябағында ұйымдастырылған "Анаға тағзым" атты салтанатты іс-шара жүздеген нәзік жанның басын қосты. Қонақтардың құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылып, мемлекеттік қолдау нәтижесінде жүзеге асқан тауарлардың көрмесі жайылды. Көпбалалы аналар, ұстаздар мен дәрігерлер, бала тәрбиесіне ерекше ден қойған аналар марапатқа ие болды.