Аймақта жол қозғалысының жас инспекторларының облыстық 23-ші слёті өтті. Қаладан және ауданнан келген 13 команда сайысқа түсті. Олар 7 сайыс бойынша кіл мықтыдан шын мықтыны анықтады. Атап айтқанда, олар жол қозғалысы ережелерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын, велосипедпен жүру дағдыларын жүру дағдыларын көрсетті. Қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келген, қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жиын қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар үздік жас жол инспекторларын анықтап, оларды марапаттады.