Қандыағаш қаласында астан уланып, ауруханаға жеткізілген науқастардың саны артты. Ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты қазір эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Мамандардың сөзінше, науқастар емдеу мекемелеріне 19-ыншы маусымнан бастап көмекке жүгінген. Осы уақытқа дейін 113 тұрғын ауруханаға жатқызылды. Оның 34-інен сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелді. Науқастардың жағдайы бақылауда.