Бәкір Тәжібаев, Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев... Айта берсек Байғанин топырағынан түлеген қарымды қаламгерлер аз емес. Солардың қатарында тың туындылармен өмір сырына үңілген қаламгер Тынымбай Төлепбайұлы да бар. Биыл 85 жасын тойлаған жазушы Ақтөбеге арнайы келіп, жерлестерімен жүздесті.