Ақтөбеде Fairy брендімен таңбаланған 200-ге жуық контрафактілік өнім тәркіленді. Танымал сауда белгісін пайдаланып, сапасыз тауарды халыққа ұсынған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. Бұл туралы облыстық Әділет департаменті мәлімдеді. Заңбұзушылықтар құқық иеленушінің өтініші негізінде жүргізілген тексеру барысында анықталған. Қаладағы бірнеше сауда нысанында жүргізілген мониторинг барысында тіркелген тауар белгісін заңсыз пайдалану деректері әшкереленіп, контрафактілік өнімдер жойылды.