Биыл 8 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге қарастырылған. Жаңғырту жұмыстары жаз бойы жүргізіліп, жаңа оқу жылында 4500 бала материалдық техникалық базасы жаңарған білім ошағында оқуын жалғастырады. Бүгінгі күні өңірде білім беру ұйымдарын жаңалау, заманауи үлгіге сай жасақтау жұмыстары жүйелі қолға алынған. Айта кетейік, өңірде апатты жағдайдағы екі білім ошағы бар. Оның бірі Темір ауданындағы Жансен Кереев атындағы орта мектебі, енді бірі Бозой орта мектебі. Білім беру нысандары күрделі жөндеуді қажет етіп-ақ тұр.