Облыс әкімі Асхат Шахаров Әзірбайжан Республикасының делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Айхан Фирудиноғлы Сулейманлы бастап келді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіптік, туристік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өз сөзінде облыс әкімі Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тарихи тамыры терең достық қарым-қатынастардың бүгінде стратегиялық әріптестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Ақтөбе қаласында әзірбайжандық капиталдың қатысуымен 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Облыс бірлескен кәсіпорындар санын арттыруға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға әзір екенін жеткізді. Кездесу қорытындысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.