Өңірде әскери-далалық оқу жиыны басталды. Оқушыларды отансүйгіштікке баулып, әскери тәртіпке тәрбиелеуге бағытталған шараға 2 мың жасөспірім қатысып жатыр. Бүгін олар "Қазақ халқына мың алғыс" стеласы алаңында алдымен әскери-шараның ашылу салтанатын тамашалады.