Ақтөбеде «Dance Kazakhstan’s» атты бесінші хореография чемпионаты өтті. Ауқымды шығармашылық додаға еліміздің 9 қаласынан келген би ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты. Сахна төріне әртүрлі жастағы 600-ден астам қатысушы шығып, көрерменге әсерлі өнер сыйлады.