Дәріханаға барсаңыз сөреден дәрі-дәрмектің алуан түрін көресіз. Басыңыз ауырса да, балтырыңыз сыздаса да емдік препарат жеткілікті. Арзаны да, қымбаты да бар. Бірақ, сол дәрілер қайда өндірілген? Дәріханаларда отандық өнімдердің үлесі қандай? Ойланып көрдіңіз бе? Бұл тақырып бүгін Батыс Қазақстан медицина университетінде өткен "Адам және дәрі - дәрмек" атты халықаралық конгресте талқыланды.