Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының жанынан ашылған телестудия оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, медиа әлеміне жол ашып отыр. Мұнда балалар тек бейнеролик түсіріп қана қоймайды. Олар қоғамды тануды, ойларын сауатты жеткізуді, көрерменмен байланыс орнатуды үйренеді. 2023 жылдан бері жұмысын бастаған студияда жиырмадан астам жас тілші түрлі бағыттағы жобаларды қолға алған. Бірі мектеп тынысын таспаласа, енді бірі ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін көпшілікке таныстырады.