Қоғамның басты байлығы баланың амандығы, ұрпақтың рухани саулығы. Осы бағытта Ақтөбеде екі жылдан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан "JAN AHUAL" психологиялық қолдау орталығы талай жанның жан жарасына ем, көңіліне медеу болып отыр. Президент тапсырмасы мен облыс әкімдігінің қолдауымен білім басқармасы жанынан ашылған орталық балалардың, ата-аналардың және педагогтердің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға күш салып келеді