Қобда ауданында "Ауыл аманаты" бағдарламасының игілігін көрген кәсіпкерлер қатары артып келеді. Соның бірі отбасылық жылыжай кәсібін дөңгелетіп отыр. Олар 2023 жылы мемлекет қолдауымен 7 миллион теңгеге жуық жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастады. Бүгінде маңдай термен өсірілген өнім тұрғындардың жоғары сұранысына ие.