Жыл басынан бері мемлекет меншігіне жалпы аумағы 94 мың гектарды құрайтын 62 жер учаскесі қайтарылды. Бұл жұмыстар үздіксіз жүргізілген нәтижелі тексерістің арқасында анықталды. Сондай-ақ, жерді өз бетінше иелену және нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактілеріне қатысты бақылау шаралары әлі де жалғасын таппақ. Осы және өзге де өзекті мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.