"Табиғат пен құсты қорғау". №8 орта мектепте жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге бағытталған тағылымды шара өтті. Сенбілік аясында оқушылар, ата-аналар және ұстаздар бірлесіп, өздері әзірлеген құс ұяларын ағаштарға ілді. Табиғатты аялауға үндеген игі іс көпшілікке ерекше әсер сыйлады.