Қобда ауданындағы қазақ орта мектебінде екі жылдан бері "Қобда ТВ" телестудиясы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бұл -тек камера мен микрофон тұрған бөлме емес, жас талаптың қанатын қатайтқан шығармашылық ордасы. Мұнда оқушылар журналистиканың қыр-сырын меңгеріп, сөз құдіретін сезініп, көпшілік алдында еркін сөйлеуге машықтанып жүр.