Аймақта көктемгі дала жұмыстары басталғалы 27,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал шаруалар үшін 8 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлініп, 1,5 мыңнан астам трактор, 1,4 мың сепкіш жұмылдырылған. Егіс науқанының барысы облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды.