Президент Қасым - Жомарт Тоқаев "Заң мен тәртіп" қағидаты мемлекеттік деңгейде емес, әр үйдің табалдырығынан бастау алуы тиіс деді. Себебі тәртіп пен сыйластық, жауапкершілік пен адамгершілік алдымен отбасында қалыптасады. Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Толағай» эстафеталық сайысы да осы игі құндылықтарды насихаттауға бағытталды.