Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауларында жол құрылысы мен көлік-логистика саласын сапалы дамытуды басты стратегиялық міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Айтып өтелік, аймақта республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 1875 шақырым. Бүгінде республикалық маңызы бар жолдардың 90 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Биыл бірқатар құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.