Қаладағы №1 емхана бүгінде медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заманауи технологияларды енгізу, тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету және профилактикалық бағыттағы жұмыстарды күшейту — емхананың басты басымдықтарының біріне айналып отыр. Соның айқын дәлелі- алдағы күзден бастап медициналық ұйымда компьютерлік және магнитті-резонанстық томография аппараттары тұрғындарға қызмет көрсете бастайды.